«Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігінің онкүндігі аясында, 4-сыныптар арасында, қазақ тілі пәні мұғалімі Тулаева А. Т. ұйымдастыруымен «Ең жүйрік, ең мықты» интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға 4 «Б», 4 «В» және 4 «Ж» сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету;
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру;
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Интеллектуалды ойын V айналымнан тұрды:
І айналым - «Жүзден жүйрік»
ІІ айналым - Полиглот
ІІІ айналым - Ұлттық құндылықтар
ІV айналым - Ең мықты
V айналым - «Дұрыс септеп білесің бе?»
Ойынның әр айналымында қатысушылар белсене қатысып, бақ сынасты.
Әділқазы мүшелері:
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігінің меңгерушісі Есбусинова Г. Б.
2. Қазақ тілі мұғалімі Буранкулова Ш. С.
3. Қазақ тілі мұғалімі Хасанова А. А.
Ойын қызықты өтті. Оқушылар белсене қатысты.
Ойынның қорытындысы бойынша:
1 орын - 4 «В» сынып оқушылары - «Тапқырлар» тобы
2 орын - 4 «Ж» сынып оқушылары - «Алғырлар» тобы
3 орын - 4 «Б» сынып оқушылары - «Білгірлер» тобы
Қатысушыларды құттықтай отырып, тек биіктерден көрінуін тілейміз.