![]() |
«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ-нің басшысының бұйрығымен Ерназаров Талгат Панабергенович «№26 орта мектебі» КММ директоры қызметіне 2021 жылдын 20 желтоқсаннан бастап тағайындалды. Еңбек жолы: 2010 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша тәмамдады. 2013 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын "Дене шынықтыру және спорт оқытушысы" мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша аяқтап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды. 2011 жылдан 2019 жылға дейін №27 ОМЛ дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеді. 2019 жылдан 2021 жылға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымының қызметін атқарды. 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. |